“2023 жылдың үздік медбикесі” байқауы

4-ші қалалық клиникалық аурухана базасында 2023 жылдың 20 сәуірінде медбике күніне орай мейірбикелер арасында «2023 жылдың үздік медбикесі» байқауы өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – мейірбике мамандығының беделі мен имиджін арттыру. Байқауға 10 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты, оның ішінде 19шы Қалалық емхананың 2 ЖТД бөлімінің медбикесі Садырбаева Назира Таиржанқызы бар.

Қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды, қатысушылар өз мамандықтарын лайықты таныстырды. Жарыс барысында медбикелер тапқырлық және кәсіби шеберліктерінің жоғары деңгейін көрсетті. Қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалмады, барлығы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Мейірбикелердің жұмысы сұранысқа қашанда ие және солай болып қала береді, олар кез келген медициналық ұйымда қажет. Құрметті медбикелер! еңбектеріңіз үшін сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз!

Балаларды тіркеу:
Байланыс орталығы:
×

Уважаемые пациенты!

Если у вас есть вопросы, Вы можете написать в WhatsApp Chat

× Біз сізге қалай көмектесе аламыз?