АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯ — ҚАДАҒАЛАУҒА БОЛАТЫН СЫРҚАТ!

Қан қысымыңызды дұрыс өлшеп, бақылауға алыңыз, сол арқылы өміріңізді ұзартасыз.

Артериальная гипертония (АГ) — күретамырлық қан қысым сандарының 140/90 мм.сынап бағанына дейін жоғарылауымен байқалатын жүрек-қантамыр жүйесінің сырқаты. Жүрек, бүйрек, ми және көз тамырларына қан қысымының жоғарылауы, олардың сөзсіз зақымдалуына және аурудың клиникалық көрінісінің пайда болуына әкеледі.

Бұл сырқатты толық емдеу мүмкін емес, дегенмен, күретамырлық қысымды бақылауда ұстауға болады. Артериялық гипертензияны неғұрлым ертерек анықтап, оны динамикада қадағаласаңыз, болашақта гипертонияның асқыну қаупі соғұрлым аз болады.

Артериялық гипертензияның даму қаупін арттыратын факторлар:

  • Жас мөлшері (адамның жасы ұлғайған сайын АҚ көтерілу болжамы да жоғары).
  • Тұқымқуалаушылық бейімділік (бірінші дәрежелі туыстарда – әкесі, анасы, әжелері, аталары, туған ағалары мен апаларындағы АГ)
  • Жыныс (менопауза басталғаннан кейін әйелдерде қауіп айтарлықтай артады).
  • Темекі шегу (темекі түтінінің компоненттері қанға еніп, қан тамырларының спазмын тудырады, бұл қан қысымының жоғарылауына әкеледі).

Ішімдікті шамадан тыс тұтыну

  • Шамадан тыс күйзеліске түсу (күйзеліс гармоны адреналин уақыт бірлігінде қанды көп мөлшерде айдап, жүректің жиі соғуына әкеліп соғады, нәтижесінде қан қысымы көтеріледі).
  • Атеросклероз (артық холестерин күретамырдың иілгіштігін жояды, ал атеросклероз түйіншектері тамыр арнасын тарылтады, бұл жүректің жұмысын қиындатады. Осының барлығы АҚ артуына әкеліп соғады).
  • Тұзды шамадан тыс тұтыну (ағзадағы артық тұз көбінесе күретамырдың қысылуына, ағзада сұйықтықтың сақталуына, соның салдарынан АГ дамуына әкеліп тірейді).
  • Семіздік (арық адамдарға қарағанда, артық дене салмағы бар адамдарды АҚ жоғары болады). Артық салмақтың әрбір килограмы қан қысымының сынап бағанының 2 мм артуын білдіреді.
  • Физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі (аз қозғалатын адамдарда АГ сырқаттану қаупі бар).
  • Гипертониялық ауруларды топтастыру

Гипертония артериялық қысымның арту дәрежесі бойынша топтастырылады:

  • Оңтайлы АҚ – 120/80 мм.сп.бн төмен
  • Қалыпты АҚ – 120-129/80-84 мм. сп. бн.
  • Жоғары қалыпты АҚ – 130-139/85-89 мм. сп. бн.
  • Артериялық гипертония І дәрежесі (жайлы) -140-159/90-99 мм. сп. бн.
  • Артериялық гипертонияның II дәрежесі (орташа) – 160-179/100-109 мм. сп. бн.
  • Артериялық гипертонияның III дәрежесі (ауыр) – 180 және жоғары/ 110 және одан жоғары мм. сп.бн.

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ: артериялық гипертония алдын алу алғашқы және қайталама болып бөлінеді.

  • Бастапқы алдын-алу шаралары – гипертонияның дамуын болдырмауға, олар дені сау, бірақ қауіпті топтарға жататын адамдарға арналған. Мұндай алдын алу шаралары мыналарды қамтиды: жаттығулар, орташа физикалық жүктемелер (жаяу жүру, суда жүзу);
  • рациондағы тұз мөлшері, сонымен қатар, ірімшіктер, консервілер, ысталған тағамдар, майонез және тағы басқа да тағамдарды пайдалану барынша азайтылады;
  • рационнан қуырылған тағамдарды, жануар майын, шұжықтадыр, сары майды және майлы етті алу керек, оларды балықтың майсыз түрлерімен, диеталық етпен, көкөністер мен жемістерге ауыстыру;
  • күйзелісті жағдаяттарды болдырмау, толыққанды демалыс пен ұйқы;
  • спирттік ішімдіктерден, шылым шегуден бас тарту;
  • салмақты, қандағы холестерин деңгейін, артериялық қан қысымын бақылауда ұстау;
  • Қайталама алдын алу
  • Қайталама алдын алу шаралары гипертония диагнозы бар науқастарға арналған, олар аурудың нысана-ағзаларға кері әсер етуін азайтуға, инсульт, ишемия және басқа да сол сияқты сияқты асқынулардың алдын алуға бағытталған.

Қайталама алдын алу шараларына жатады:

  • дәрілік емес терапия (өмір салтын өзгерту, дұрыс тамақтану, гимнастика, толыққанды демалыс);
  • өмір бойы тағайындалатын дәрілік терапия (дара-, біріктірілген дәрілік терапия, дәрігер көптеген факторларды ескере тағайындайды).
  • тағайындалған емдеу кестесі дәлме-дәл сақталауы тиіс, дәрі мөлшерін немесе қабылдау күндерін өзгертуге болмайды;
  • барлық дәрі-дәрмекті бір уақытта, кестеден жаңылмай қабылдау қажет;
  • дәрі-дәрмекті АҚ деңгейін қалыпты болған жағдайда тоқтатуға болмайды;
  • белгілі дәрі-дәрмектік құралдардың қоры болуы міндетті, оны таусылғанға дейін толықтыру қажет;
  • дәрігердің тағайындамаған болса өз бетінше дәрі-дәрмектерді басқалармен алмастыруға немесе халық медицинасы құралдарымен ғана шектелуге болмайды.

Назар аударыңыз: дәрі қабылдау кезінде АҚ деңгейін бірден төмендетуге болмайды, ол ишемияны тудырады!

Есіңізде болсын, көмек көрсетудің алғашқы 2 сағаты ішінде АҚ бастапқы деңгейден 20 пайыздан артық төмендемеуі тиіс.

Артериялық гипертония — қадағалауға болатын сырқат.

Балаларды тіркеу:
Байланыс орталығы:
×

Уважаемые пациенты!

Если у вас есть вопросы, Вы можете написать в WhatsApp Chat

× Біз сізге қалай көмектесе аламыз?