!!!!!!! INDEX PHP bool(true)

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ЕРТЕ АНЫҚТАУ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) болжамдары бойынша бүкіл әлемде қатерлі ісіктерден (ҚІ) сырқаттанушылық және өлім-жітім 1,5-2 есеге ұлғайды. Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың өсуінің ұқсас үрдісі Қазақстан Республикасына да тән.

ДДҰ зерттеулеріне сәйкес әлемде онкологиялық аурулардың өсуі негізінен, ерлердегі өкпе обыры мен колоректальды обыр, сондай-ақ әйелдерде сүт безі және жатыр мойны обырының есебінен болады.

Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім халықтың өлімі көрсеткіші бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын 17000-ға жуық адам қатерлі ісіктен қайтыс болады екен, олардың 42% еңбекке қабілетті жастағы адамдарды құрайды.

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қатерлі ісіктермен (ҚІ) сырқаттанушылық пен өлімді азайту мақсатында аурудың алғашқы сатыларында профилактика мен диагностикаға үлкен мән беріледі.

Осыған байланысты сүт безінің қатерлі ісігіне тоқталайық.

Қауіп факторлары:

  • 1. Әйелдің жасы. Етеккірдің ерте басталуы (12 жасқа дейін) және етеккірдің үзілісі (менопаузаның) кеш, яғни 55 жастан асқан әйелдер болуы.
  • 2. Тұқымқуалаушылық фактор – анада, әжеде, туыстарында сүт безі қатерлі ісігінің болуы. Бұл аталған факторларға біз әсер ете алмаймыз.

Мынадай қауіп факторларына біздің әсер етуіміз ықтимал:

  • Физикалық белсенділік
  • Гормоналмастырушы терапия
  • Кеш босану
  • Сүт безінің жарақаттануы, соғылуы
  • Күйзелісті болдырмау немесе реттеу
  • Сүт бездерінің дисгармондық, әйелдің репродуктивті аясының сырқаттарын мерзімінде емдеу.

Сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау өте маңызды.

I-II кезеңде диагноз қойылған сүт безі қатерлі ісігін емдеу шаралары әйелдердің толық қалпына келуіне кепілдік бере алады. III-IV кезеңде анықталған сүт безінің қатерлі ісігін емдеу ұзақ және ауыр болады.

Ауруды ерте диагностикалау үшін МСАК медицина қызметкерлері әйелдерге сүт бездерін өздігінен тексеру қағидаларын үйретеді. 25 жастан асқан әрбір әйел ай сайын етеккір циклінің 6-12 күнінде өзіне тексеру жүргізуі керек.

Өзін-өзі тексеру кезінде назар аударған дұрыс:

  • Сүт безінде және қолтық астында түйіндердің, тығыз ісіктің болуына;
  • Сүт бездерінің көлеміндегі өзгерістерге;
  • Ісіну аймағының пайда болуы немесе етеккір циклінен кейін қалатын сүт безінің ерекше тығыздалуына;
  • Сүт безінің терісіндегі өзгерістерге;
  • Сүт безінің етеккір циклімен байланысы жоқ ауырсынуға;
  • Емшек үрпісінің ішке тартылуына;
  • Емшек үрпісінен бөлінген сұйықтыққа, әсіресе қанды сұйықтыққа ерекше назар аударған жөн.

Кез келген өзгерістер туралы учаскелік терапевтке, гинеколог дәрігерге немесе мейірбикеге хабарласып, маммолог дәрігерге шұғыл қаралу керек.

2008 жылдан бері Қазақстанда скрининг бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Олардың арасында қатерлі емес аурулар мен сүт безі ісігіне тексеру де бар. Мақсатты топтарға 40 жастан 70 жасқа дейінгі «йелдер кіреді.

Скрининг әдісі – маммографиялық зерттеу. Әрбір сүт безіне екі кескіндегі маммография жүргізіледі. Әр маммограмма 2 тексеруден, яғни, екі дәрігердің зерттеуінен өтеді. Екінші тексеруді онкодиспансердегі дәрігер жүргізеді. Күдік туындаған жағдайда пациент толық тексеруден өтуге жолданады.

Қазіргі кезде №19 қалалық емханада тіркелген әйелдер үшін сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған скринингтен өту мүмкіндігі жасалған.

Толық ақпарат алу үшін 10 кабинет (1 қабат), тел: 2433500 хабарласу қажет.

СКРИНИНГКЕ ШАҚЫРУ

№19 қалалық емхада тіркелген тұрғындардың назарына!

Профилактикалық медициналық тексеруге (скринингке) щақырамыз.

СКРИНИНГ – белгілі бір жастағы дені сау тұлғаларды қауіп факторлары мен ауру-сырқауларды анықтауға бағытталған медициналық профилактикалық тексеру. Оны жүргізу емдеу тиімділігін арттыруға және асқынулардың дамуына жол бермейді. Скринингтік тексерулер толық көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аумақтық тіркелген жеріндегі емханаларда тегін жүргізіледі.

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтауға антропометриялық өлшеулер (бойы, дене салмағы, бел шеңбері), артериялық қысымды өлшеу, холестерин мен қан глюкозасының деңгейін анықтау, осы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-тан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге, 2 жылда 1 рет электрокардиография көрсетілімдер бойынша кардиологтың, эндокринологтың тексеруін жүргізеді.

Мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау, 40-70 жастағы ерлерде және 30-70 жастағы әйелдерде 2 жылда 1 рет жүргізіледі.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ (АРТЫҚ ДЕНЕ САЛМАҒЫ, СЕМІЗДІК, ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІ, ТЕМЕКІ ШЕГУ, ҚАУІПТІ ДОЗАЛАРДА АЛКОГОЛЬДІ ТҰТЫНУ) АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯНЫ, ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ МЕН ҚАНТ ДИАБЕТІН, ГЛАУКОМАНЫ, ОНКОПАТОЛОГИЯНЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА СКРИНИНГТЕН ӨТКЕН БАРЛЫҚ АДАМДАР АРАСЫНДА ЗЕРТТЕЛЕДІ.

Глаукоманы ерте анықтау мақсатында офтальмологтың көрсетімдері бойынша 40 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдердің көзішілік қысымын өлшеу жүргізіледі.

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ, СОНДАЙ-АҚ ІСІКТЕРДІ ДАМУДЫҢ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ АНЫҚТАУ ҮШІН СІЗГЕ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУ КЕРЕК:

  • Жатыр мойны обырын ерте анықтауға акушер – гинекологтың тексеруі және көрсетімдер бойынша 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге жатыр мойнынан жұғындысын цитологиялық зерттеу, кольпоскопия;
  • сүт безі обырын ерте анықтауға маммологтың, онкологтың тексеруі және көрсеткімдер бойынша 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердің сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу (маммография);
  • хирург, проктолог, гастроэнтерологтың тексеруі және көрсетімдер бойынша 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге колоректальды обырды ерте анықтауға нәжісті жасырын қанға тестілеу, тоқішек пен тікішекті эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия).

Толық ақпарат алу үшін 10 кабинетке (1 қабат), тел: 243 35 00 хабарласу қажет.

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯ — ҚАДАҒАЛАУҒА БОЛАТЫН СЫРҚАТ!

Қан қысымыңызды дұрыс өлшеп, бақылауға алыңыз, сол арқылы өміріңізді ұзартасыз.

Артериальная гипертония (АГ) — күретамырлық қан қысым сандарының 140/90 мм.сынап бағанына дейін жоғарылауымен байқалатын жүрек-қантамыр жүйесінің сырқаты. Жүрек, бүйрек, ми және көз тамырларына қан қысымының жоғарылауы, олардың сөзсіз зақымдалуына және аурудың клиникалық көрінісінің пайда болуына әкеледі.

Бұл сырқатты толық емдеу мүмкін емес, дегенмен, күретамырлық қысымды бақылауда ұстауға болады. Артериялық гипертензияны неғұрлым ертерек анықтап, оны динамикада қадағаласаңыз, болашақта гипертонияның асқыну қаупі соғұрлым аз болады.

Артериялық гипертензияның даму қаупін арттыратын факторлар:

  • Жас мөлшері (адамның жасы ұлғайған сайын АҚ көтерілу болжамы да жоғары).
  • Тұқымқуалаушылық бейімділік (бірінші дәрежелі туыстарда – әкесі, анасы, әжелері, аталары, туған ағалары мен апаларындағы АГ)
  • Жыныс (менопауза басталғаннан кейін әйелдерде қауіп айтарлықтай артады).
  • Темекі шегу (темекі түтінінің компоненттері қанға еніп, қан тамырларының спазмын тудырады, бұл қан қысымының жоғарылауына әкеледі).

Ішімдікті шамадан тыс тұтыну

  • Шамадан тыс күйзеліске түсу (күйзеліс гармоны адреналин уақыт бірлігінде қанды көп мөлшерде айдап, жүректің жиі соғуына әкеліп соғады, нәтижесінде қан қысымы көтеріледі).
  • Атеросклероз (артық холестерин күретамырдың иілгіштігін жояды, ал атеросклероз түйіншектері тамыр арнасын тарылтады, бұл жүректің жұмысын қиындатады. Осының барлығы АҚ артуына әкеліп соғады).
  • Тұзды шамадан тыс тұтыну (ағзадағы артық тұз көбінесе күретамырдың қысылуына, ағзада сұйықтықтың сақталуына, соның салдарынан АГ дамуына әкеліп тірейді).
  • Семіздік (арық адамдарға қарағанда, артық дене салмағы бар адамдарды АҚ жоғары болады). Артық салмақтың әрбір килограмы қан қысымының сынап бағанының 2 мм артуын білдіреді.
  • Физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі (аз қозғалатын адамдарда АГ сырқаттану қаупі бар).
  • Гипертониялық ауруларды топтастыру

Гипертония артериялық қысымның арту дәрежесі бойынша топтастырылады:

  • Оңтайлы АҚ – 120/80 мм.сп.бн төмен
  • Қалыпты АҚ – 120-129/80-84 мм. сп. бн.
  • Жоғары қалыпты АҚ – 130-139/85-89 мм. сп. бн.
  • Артериялық гипертония І дәрежесі (жайлы) -140-159/90-99 мм. сп. бн.
  • Артериялық гипертонияның II дәрежесі (орташа) – 160-179/100-109 мм. сп. бн.
  • Артериялық гипертонияның III дәрежесі (ауыр) – 180 және жоғары/ 110 және одан жоғары мм. сп.бн.

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ: артериялық гипертония алдын алу алғашқы және қайталама болып бөлінеді.

  • Бастапқы алдын-алу шаралары – гипертонияның дамуын болдырмауға, олар дені сау, бірақ қауіпті топтарға жататын адамдарға арналған. Мұндай алдын алу шаралары мыналарды қамтиды: жаттығулар, орташа физикалық жүктемелер (жаяу жүру, суда жүзу);
  • рациондағы тұз мөлшері, сонымен қатар, ірімшіктер, консервілер, ысталған тағамдар, майонез және тағы басқа да тағамдарды пайдалану барынша азайтылады;
  • рационнан қуырылған тағамдарды, жануар майын, шұжықтадыр, сары майды және майлы етті алу керек, оларды балықтың майсыз түрлерімен, диеталық етпен, көкөністер мен жемістерге ауыстыру;
  • күйзелісті жағдаяттарды болдырмау, толыққанды демалыс пен ұйқы;
  • спирттік ішімдіктерден, шылым шегуден бас тарту;
  • салмақты, қандағы холестерин деңгейін, артериялық қан қысымын бақылауда ұстау;
  • Қайталама алдын алу
  • Қайталама алдын алу шаралары гипертония диагнозы бар науқастарға арналған, олар аурудың нысана-ағзаларға кері әсер етуін азайтуға, инсульт, ишемия және басқа да сол сияқты сияқты асқынулардың алдын алуға бағытталған.

Қайталама алдын алу шараларына жатады:

  • дәрілік емес терапия (өмір салтын өзгерту, дұрыс тамақтану, гимнастика, толыққанды демалыс);
  • өмір бойы тағайындалатын дәрілік терапия (дара-, біріктірілген дәрілік терапия, дәрігер көптеген факторларды ескере тағайындайды).
  • тағайындалған емдеу кестесі дәлме-дәл сақталауы тиіс, дәрі мөлшерін немесе қабылдау күндерін өзгертуге болмайды;
  • барлық дәрі-дәрмекті бір уақытта, кестеден жаңылмай қабылдау қажет;
  • дәрі-дәрмекті АҚ деңгейін қалыпты болған жағдайда тоқтатуға болмайды;
  • белгілі дәрі-дәрмектік құралдардың қоры болуы міндетті, оны таусылғанға дейін толықтыру қажет;
  • дәрігердің тағайындамаған болса өз бетінше дәрі-дәрмектерді басқалармен алмастыруға немесе халық медицинасы құралдарымен ғана шектелуге болмайды.

Назар аударыңыз: дәрі қабылдау кезінде АҚ деңгейін бірден төмендетуге болмайды, ол ишемияны тудырады!

Есіңізде болсын, көмек көрсетудің алғашқы 2 сағаты ішінде АҚ бастапқы деңгейден 20 пайыздан артық төмендемеуі тиіс.

Артериялық гипертония — қадағалауға болатын сырқат.

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні

Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан біраз азаматымыздан айрылып қалдық. Соған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз. Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз!

Мемлекет басшысының батыл әрі уақтылы шешімдері Қазақстанның бейбіт және қалыпты өмірге тез оралуына мүмкіндік береді.

Осындай күрделі кезеңде біз Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет. Бұл – жағдайды тұрақтандыру, экономиканы қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру және барлық салада жаңа реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам.

Балаларды тіркеу:
Байланыс орталығы:
×

Уважаемые пациенты!

Если у вас есть вопросы, Вы можете написать в WhatsApp Chat

× Біз сізге қалай көмектесе аламыз?