Медицина қызметкері күні
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында №19 Қалалық емхананың Бас дәрігері К. С. АЙТКАЗИНА әріптестерін құттықтады.
Біздің емхананың ұжымында 266 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 81 дәрігер, 128 орта медициналық қызметкер, 12 кіші медициналық қызметкер және 45 басқа персонал. Ерекше көзге түскен қызметкерлерге “Аманат” партиясы, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Түрксіб ауданы әкімдігінің атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар, Бас дәрігер атынан сондай-ақ гүлдер мен сыйлықтар табыс етілді. Әріптестерінің қуанышты және күлімсіреген жүздерін көру, құттықтаулар мен олардың еңбегіне жоғары баға бергені үшін алғыс сөздерін есту ерекше жағымды болды.