!!!!!!! INDEX PHP bool(true)

Туберкулез

Емхана мамандары туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында мектеп оқушылары арасында туберкулезге қатысты ақпараттық-ағарту жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін, 17.03.2023ж. жалпы тәжірибелік дәрігер Оразалы Е.Б. 17 мектепте семинар өткізді.

Семинар тақырыбы: «Туберкулез». Семинар барысында мектеп оқушыларына туберкулездің негізгі белгілері, берілу жолдары, сонымен қатар бұл аурудың алдын алу туралы айтылды.

Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

Туберкулезге қарсы күрес айлығы 24.02.2023 – 24.03.2023ж аралығында өтіп жатыр. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай емханамыздың дәрігері Ускембай Сәния Қайратқызы 07.03.2023ж №57 мектепте «Туберкулез» тақырыбында семинар өткізді.

Мектеп оқушыларына туберкулез ауруы , негізгі белгілері, берілу жолдары және де туберкулездің алдын алу шаралары туралы айтылды.

Туберкулез – бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез – бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының – сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Симптомдарға жөтел, салмақ жоғалту және әлсіздік жатады. Ерте диагностикалау және уақтылы емдеу туберкулезбен күресудің шешуші сәті болып табылады.

Дәріс тақырыбы: ревматоидты артритті емдеудегі жалпы тәжірибелік дәрігердің рөлі.

Ревматологиялық науқастарға Ашық есік күндері өткізілуіне орай, «Қалалық ревматологиялық орталықтың» ревматолог дәрігері Омарова Камка Сеиткеримовна «19 Қалалық емхананың» жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне семинар өткізді.

Тақырыбы : Ревматоидты артритті емдеудегі жалпы тәжірибелік дәрігердің рөлі.

Тақырыпқа байланысты слайдтар көрсетіліп, дәрігерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды.

Ашық есік күні

«ГП 19» мекемесінде 03.03.2023 ж. ревматолог-дәрігердің қатысуымен ревматологиялық науқастарға «Ашық есік күні» өткізілді. Қабылдауды ревматолог дәрігер Хайдарова Юлдуз Мадихановна жүргізді.

Ревматолог – дәнекер тіндері мен буындар ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алумен айналысатын дәрігер.

Бұл күндері ревматологиялық аурулар жиі кездеседі және жыл сайын ауру адамдар саны артып келеді.

Шараға емханаға бекітілген қала тұрғындары қатысты.

Балаларды тіркеу:
Байланыс орталығы:
×

Уважаемые пациенты!

Если у вас есть вопросы, Вы можете написать в WhatsApp Chat

× Біз сізге қалай көмектесе аламыз?