!!!!!!! INDEX PHP bool(true)

Ашық есік күні

Елімізде Жеңіс күнінен асқан тебірентерлік, әсерлі мереке жоқ!

Ұлы, салтанатты, ең жақын, ең қымбат және сонымен бірге … .. ең қайғылы мереке … Басымызға бейбіт аспан мен еркіндік сыйлай білгендерді еске алу күні … Осы ұлы адамдардың кейбірі олар әлі де тірі, және осы күні біз оларды құттықтауға және жомарт сыйлық – біздің өміріміз бен еркіндігіміз үшін алғыс айтуға асығамыз.

«19 шы қалалық емхана» Жеңіс күнінің 78 жылдығына орай ағымдағы жылдың 11-ші және 18-ші күндері, ҰОС ардагерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға ашық есік күндерін өткізді . Сондай ақ 20.04.2023ж жүріп тұруы қиындаған тұлғаларға медициналық қызметкерлер уйлеріне барып қарап, кеңестерін беріп кетті.

Бүгін, 22 сәуір бүкіл әлемде Халықаралық Жер күнін атап өтілуде.

Бүгін, 22 сәуір бүкіл әлемде Халықаралық Жер күнін атап өтілуде. Бұл күні Алматы қаласында Almaty Clean & Green атты қалалық сенбілік өткізілді. “19 Қалалық емхана” ұжымы да бұл бастаманы қолдап, сенбілікке шықты. Емхана айналасы тазартылды.

Барлық адамзат қоршаған ортаны қорғауға, таза ұстауға, табиғатты аялауға міндетті .

Барлық қызметкерлерге еңбекқорлығы үшін алғыс білдіреміз!

Табиғатты аялайық!

 
 
 
 

“2023 жылдың үздік медбикесі” байқауы

4-ші қалалық клиникалық аурухана базасында 2023 жылдың 20 сәуірінде медбике күніне орай мейірбикелер арасында «2023 жылдың үздік медбикесі» байқауы өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – мейірбике мамандығының беделі мен имиджін арттыру. Байқауға 10 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты, оның ішінде 19шы Қалалық емхананың 2 ЖТД бөлімінің медбикесі Садырбаева Назира Таиржанқызы бар.

Қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды, қатысушылар өз мамандықтарын лайықты таныстырды. Жарыс барысында медбикелер тапқырлық және кәсіби шеберліктерінің жоғары деңгейін көрсетті. Қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалмады, барлығы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Мейірбикелердің жұмысы сұранысқа қашанда ие және солай болып қала береді, олар кез келген медициналық ұйымда қажет. Құрметті медбикелер! еңбектеріңіз үшін сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз!

Жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар

Бүгін 20.04.2023 ж. сағат 11:00-де «19Қалалық емхана » қызметкерлері мен емделушілер жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқуға қатысты. «Барлығының назарына!» бірыңғай сигналы бар хабарламадан кейін қызметкерлер мен науқастар ғимараттан шығып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Төтенше жағдайларға дайын болу – өмірімізді сақтап қалудың кілті.

2023 жылдың 12 сәуірінде № 19 қалалық емхананың қызметкерлері №20 ЖББМ оқушыларына “қызылша” тақырыбында дәріс өткізді.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде емхана мамандары эпидемиолог дәрігер Амангелді Диана Жұмабекқызы, жалпы тәжірибелік дәрігер Ибадулла Ботагөз Асқарқызы және медбике Полухина Диана Джунидовна «№20 жалпы білім беретін мектептің» 6-7 сынып оқушыларына «Қызылша» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты оқушыларға қызылшаның себептері, белгілері және алдын алу шаралары туралы айту.

Балалар дәрісті тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сауатты жауаптар алды.

ЛОР дәрігер неліктен ата-аналар балалардың аудиологиялық скринингін елемеуге болмайтыны жөнінде айтып берді.

Алматы қаласы № 8 қалалық емханасының отоларинголог дәрігері Улукбек Назарович Гаипов ата-аналарды балалардың есту деңгейіне ерте жастан бастап назар аударуға шақырады.

«Баланың есту проблемаларына байланысты дамуында артта қалуына жол бермеу керек! Бізде кохлярлы имплантацияға дейін есту мүшелерінің ең күрделі патологияларын диагностикалау және емдеу үшін барлық жағдайлар жасалған. Егер ата-аналар баланың нашар еститініне күмәнданса, дереу ЛОР дәрігерімен кеңесу керек. Көптеген себептер орын алуы мүмкін: қарапайым күкірт тығыны, одан тазартқаннан кейін бала қайтадан жақсы естиді – есту қабілеті қалпына келеді. Мысалы, жиі ауыратын балаларда аденоидты құбылыстар қоздырады, соның негізінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін. Немесе мұрынға байланысты ауру: құлақ қалқанының артында сұйықтық жиналады, есту де нашарлайды, сұйықтық сорылғаннан кейін – есту қабілеті қалпына келеді. Вирустық сипатта есту проблемалары да туындауы мүмкін. Ата – аналар, балабақшадағы тәрбиешілер, мектептегі мұғалімдер, жалпылай айтқанда, балалармен жиі байланыста болатын адамдар естуі қабілетіне назар аударуы керек. Пациенттің немесе ата-ананың шағымдарына сүйене отырып, ЛОР дәрігер тексергеннен кейін бала сурдолог дәрігерге жіберіледі. Одан кейін онымен сурдолог айналысады. Аудиометрия жүргізіледі және қорытындысының негізінде диагноз қойылады және емдеу жүргізіледі» – дейді Улукбек Гаипов.

Алматы қаласының №8 емханасында күн сайын аудиометрия жүргізіледі – бұл жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардағы есту бұзылыстарын анықтаудың жалғыз және тиімді әдісі болып табылатын есту қабілетінің скринингі. Есту патологиясын уақтылы анықтау үшін аудиометрия кабинеті аптасына бес күн жұмыс істейді. Алдыңғы тексеру нәтижелеріне қарамастан, 1 жасқа дейінгі балалар тоқсан сайын, ал 3 жасқа дейінгі балалар жылына екі рет аудиологиялық скринингтен өтуі керек.

«Ата -аналардың зейінді болып, мұқият назар аударуы маңызды рөл атқарады. Баланың сыбдырға, дүрсілге және басқа дыбыстарға назары бар екендігін бақылау керек. Бірақ үш айға дейін айқын белгілер болмауы мүмкін. Есту өткірлігі үнемі 1 айдан 1 жасқа дейін, 1 жастан 2 жасқа дейін, 2 жастан 3 жасқа дейін және 6 жасқа дейін тексеріледі. Жаңа туған нәресте перзентханада аудиоскринингтен өтпеген жағдайлар бар және шығару кезінде ұсыныс қағаздарында осы сәтті белгілеп өту керек. Кейіннен ата-аналар тіркелген жері бойынша емханаға жүгінеді және аудиоскринингтен өздері өткізеді», деп атап өтті ЛОР дәрігер.

Барлық жаңа туған нәрестелер міндетті түрде перзентханада аудиологиялық скринингтен өтеді, дәрігер теріс нәтиже шықса қорықпауға кеңес береді. Сыртқы құлақ арнасында күкірттің болуы, құлақ дабылы қуысында шарана сұйықтығының болуы, тексерудің идеалды емес шарттары (әдіс шуға өте сезімтал) теріс зерттеуді тудыруы мүмкін. Сондықтан ауруханадан шыққаннан кейін емханада қайта тексерілу қажет.

«Баланың дамуының басталуын мұқият бақылап, жіберіп алмау керек-бұл нәрестелерге қатысты. Бала ата-анасының баламен сөйлесетінін білуі керек, ол қоршаған әлемді дауыс арқылы біледі, эмоцияларды дыбыстар арқылы алады. Бұл 5 минуттан аспайтын өте қарапайым және оңай тексеру түрі. Баланың құлағына белгілі бір сигналдар беретін сенсор енгізіледі, ал ішкі құлақтың жасушалары өз кезегінде отоакустикалық эмиссия деп аталатын жауап тітіркендіргішін тудырады. Тест есту жүйесінде қандай да бір патологияның бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде сәулелену жоқ, скринингтен бас тартуға объективті себеп жоқ, бұл тіпті вакцинация емес, тек құлаққаппен зерттеу түрі болып табылады. Бас тартуға ешқандай себеп жоқ. Егер сіздің балаңыздың жасы аудиоскринингтен өту үшін қолайлы болса, сіз жай ғана емханаға барып, баланың денсаулығы үшін тексеруден өтуіңіз керек. Зерттеуде ешқандай асқынулар болмайды және ағзаға кері әсер етпейді. Егер сіз аудиоскринингті өткізіп алсаңыз және патологияны немесе есту қабілетінің жоғалуын анықтауға мүмкіндік бермесеңіз, онда Сіз нәрестенің қалыпты дамуына мүмкіндік бермейсіз,», – деп қорытындылады маман.

ҚЫЗЫЛША

2023 жылдың 17 наурызында «19 қалалық емхананың» дәрігер-эпидемиологы Амангелді Диана Жұмабекқызы қызметкерлерге семинар өткізді.

Семинар тақырыбы «ҚЫЗЫЛША». Семинар барысында дәрігер аурудың белгілеріне тоқталып, аурудың берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, екпе салу мәселелері де қарастырылды.
Отредактировано·

Туберкулезге қарсы күрес айлығы

Туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында емханамыздың дәрігерлері Джунусова Ажар Ердалиевна және Амангелді Диана Жұмабекқызы 15.03.2023ж №162 мектеп- гимназияда «Туберкулез» тақырыбында семинар өткізді.

Мектеп оқушыларына туберкулез ауруы , негізгі белгілері, берілу жолдары және де туберкулездің алдын алу шаралары туралы айтылды.

Педикулез,дерматомикоз,қышыма

«19 Қалалық емхананың» СӨС дәрігері Мұхтарханова Ляззәт Ерболқызы мектеп мейірбикелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Педикулез,дерматомикоз,қышыма» тақырыбында дәріс оқылды.

Мектеп мейірбикелері белсене қатысып, өздеріне қажетті сұрақтарға жауаптарын алды.

Балаларды тіркеу:
Байланыс орталығы:
×

Уважаемые пациенты!

Если у вас есть вопросы, Вы можете написать в WhatsApp Chat

× Біз сізге қалай көмектесе аламыз?