Қайырлы күн, құрметті әріптестер
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні, 1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен жарияланған.
Осыған орай емханада мерекелік шара ұйымдастырылды.
Балалар бөлімінің қызметкерлері емханаға келген жас келушілер арасында сурет байқауын ұйымдастырып, соңында сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ ата-аналармен қызылша сияқты бүгінгі күні өзекті тақырыпта тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізілді.
Балалар біздің болашағымыз, сондықтан балаларымыздың денсаулығын қадағалау
Салтанатты жиналыс
25 қазан Республика күніне орай 19қалалық емханада 24.10.23ж салтанатты жиын өтті. Жиын еліміздің әнұранымен бастау алды. Әрі қарай құттықтау сөздер айтылып, марапаттар табысталды.
Мекеме атынан мақтау қағаздарымен, сондай ақ денсаулық сақтау ісінің үздігі орденімен және еңбек ардагері медалімен наградталған әріптестерімізді құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, табысты болсын!
Әрқашан жерімізде , елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!
21.10.2023ж жалпықалалық сенбілік өткізілді.
19 қалалық емхананың қызметкерлері белсенді түрде сенбілікке қатысты.
Жалпықалалық сенбіліктердің басты мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қоғамның назарын аудару.
Мектепке жол
Жаңа оқу жылы қарсаңында № 19 қалалық емханасында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде кәсіподақ мушелерінің қолдауымен, қызметкерлердің алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балаларын құттықтап, мектепке қажетті құрал жабдықтар мен кеңсе тауарларын алуға ақшалай сыйлық табысталды.
Құрметті бірінші сынып оқушылары, Білім күні сіздер үшін жарқын және қуанышты мерекеге айналсын. Сізге қуанышты және көңілді мектеп өмірі, жақсы бағалар, білімге және жаңа жаңалықтарға ұмтылу тілейміз. Алғашқы оқу жылың табысты, жарқын және қызықты болсын.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!