Ұлттық киім
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде ҚР да 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтеді.
Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.
Емханамызыдың қызметкерлері бұл бастамаға белсене атсалысып, жұмыс орнына ұлттық киімдермен келді.
Бізге Ата Бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық киімдерді қадірлейміз,мақтан тұтамыз.
Қайырлы күн, құрметті әріптестер
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні, 1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен жарияланған.
Осыған орай емханада мерекелік шара ұйымдастырылды.
Балалар бөлімінің қызметкерлері емханаға келген жас келушілер арасында сурет байқауын ұйымдастырып, соңында сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ ата-аналармен қызылша сияқты бүгінгі күні өзекті тақырыпта тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізілді.
Балалар біздің болашағымыз, сондықтан балаларымыздың денсаулығын қадағалау
Салтанатты жиналыс
25 қазан Республика күніне орай 19қалалық емханада 24.10.23ж салтанатты жиын өтті. Жиын еліміздің әнұранымен бастау алды. Әрі қарай құттықтау сөздер айтылып, марапаттар табысталды.
Мекеме атынан мақтау қағаздарымен, сондай ақ денсаулық сақтау ісінің үздігі орденімен және еңбек ардагері медалімен наградталған әріптестерімізді құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, табысты болсын!
Әрқашан жерімізде , елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!
21.10.2023ж жалпықалалық сенбілік өткізілді.
19 қалалық емхананың қызметкерлері белсенді түрде сенбілікке қатысты.
Жалпықалалық сенбіліктердің басты мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қоғамның назарын аудару.
Мектепке жол
Жаңа оқу жылы қарсаңында № 19 қалалық емханасында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде кәсіподақ мушелерінің қолдауымен, қызметкерлердің алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балаларын құттықтап, мектепке қажетті құрал жабдықтар мен кеңсе тауарларын алуға ақшалай сыйлық табысталды.
Құрметті бірінші сынып оқушылары, Білім күні сіздер үшін жарқын және қуанышты мерекеге айналсын. Сізге қуанышты және көңілді мектеп өмірі, жақсы бағалар, білімге және жаңа жаңалықтарға ұмтылу тілейміз. Алғашқы оқу жылың табысты, жарқын және қызықты болсын.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!
еOtinish сервисі арқылы қалай өтініш беруге болады
eOtinish сервисі арқылы мемлекеттік органдарға өтініш беріп, шағым түсіруге болады. Бұл ТКШ, абаттандыру, заңсыз құрылыс, кәсіпкерлік, құқықтарды қорғау және т.б. мәселеге арналған бірыңғай платформа.
Электрондық жүйе мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға арналған. Порталда мемлекеттік органдағы өтініштің қай сатыда екенін бақылауға болады. Өтінішті қарастыру бастан-аяқ жүйеде сақталады, өтініш беруші өзінің өтініші бойынша бұрын қабылданған шешімдерді көре алады.
Өтінішті eGov порталы, eGov mobile және Aitu мобильді қосымшалары арқылы сайтқа жіберуге болады.
Роликте eOtinish сервисі арқылы қалай өтініш беру керектігін егжей-тегжейлі айтамыз.
Медицина қызметкерлерінің күні
Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Касым – Жомарт Кемелұлының, медицина қызметкерлері күніне орай, барлық медицина саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге арналған құттықтау сөздері.
Медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультациялар
МСҚ 2023 жылы 1-маусымнан бастап медициналық сақтандыру және медқызмет көрсету мәселелеріне қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы жүргізетінін хабарлайды.
Өтініштерді Қордың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот пен веб-сайты арқылы да жолдауға болады.
Ерте жүктіліктің алдын алу
Ағымдағы айдың 18 күні С.Байжанов атындағы No162 гимназия мектебінің қыздарына «19 қалалық емхана» гинекологы Батырбекова Н.Н «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Мақсаты: балаларды ерте жыныстық қатынастың салдарымен таныстыру; жыныстық азғындыққа теріс көзқарасты, адамгершілік тазалыққа деген оң көзқарасты қалыптастыру; Балаларды жыныстық гигиенаны сақтауға шақыру.