“Ерте жүктіліктің алдын-алу”, “Тұмау, қызылша – белгілері”, “АИТВ, ЖИТС-тің алдын алу шаралары”
Алматы қаласының №67 және №167 мектептерде гинеколог дәрігер Жуманиязова М.А., СӨСҚ дәрігері Жумадуллаева А.Н. және интернатура студенттері “Ерте жүктіліктің алдын-алу”, “Тұмау, қызылша – белгілері”, “АИТВ, ЖИТС-тің алдын алу шаралары” тақырыптарында дәріс-семинар оқыды.
Оқушыларға ақпараттық материалдар таратылды. Дәріс соңында оқушылар мазалап жүрген сұрақтарын қойып, дәрігерлерден жауап алды.