СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ЕРТЕ АНЫҚТАУ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) болжамдары бойынша бүкіл әлемде қатерлі ісіктерден (ҚІ) сырқаттанушылық және өлім-жітім 1,5-2 есеге ұлғайды. Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың өсуінің ұқсас үрдісі Қазақстан Республикасына да тән.
ДДҰ зерттеулеріне сәйкес әлемде онкологиялық аурулардың өсуі негізінен, ерлердегі өкпе обыры мен колоректальды обыр, сондай-ақ әйелдерде сүт безі және жатыр мойны обырының есебінен болады.
Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім халықтың өлімі көрсеткіші бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын 17000-ға жуық адам қатерлі ісіктен қайтыс болады екен, олардың 42% еңбекке қабілетті жастағы адамдарды құрайды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қатерлі ісіктермен (ҚІ) сырқаттанушылық пен өлімді азайту мақсатында аурудың алғашқы сатыларында профилактика мен диагностикаға үлкен мән беріледі.
Осыған байланысты сүт безінің қатерлі ісігіне тоқталайық.
Қауіп факторлары:
- 1. Әйелдің жасы. Етеккірдің ерте басталуы (12 жасқа дейін) және етеккірдің үзілісі (менопаузаның) кеш, яғни 55 жастан асқан әйелдер болуы.
- 2. Тұқымқуалаушылық фактор – анада, әжеде, туыстарында сүт безі қатерлі ісігінің болуы. Бұл аталған факторларға біз әсер ете алмаймыз.
Мынадай қауіп факторларына біздің әсер етуіміз ықтимал:
- Физикалық белсенділік
- Гормоналмастырушы терапия
- Кеш босану
- Сүт безінің жарақаттануы, соғылуы
- Күйзелісті болдырмау немесе реттеу
- Сүт бездерінің дисгармондық, әйелдің репродуктивті аясының сырқаттарын мерзімінде емдеу.
Сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау өте маңызды.
I-II кезеңде диагноз қойылған сүт безі қатерлі ісігін емдеу шаралары әйелдердің толық қалпына келуіне кепілдік бере алады. III-IV кезеңде анықталған сүт безінің қатерлі ісігін емдеу ұзақ және ауыр болады.
Ауруды ерте диагностикалау үшін МСАК медицина қызметкерлері әйелдерге сүт бездерін өздігінен тексеру қағидаларын үйретеді. 25 жастан асқан әрбір әйел ай сайын етеккір циклінің 6-12 күнінде өзіне тексеру жүргізуі керек.
Өзін-өзі тексеру кезінде назар аударған дұрыс:
- Сүт безінде және қолтық астында түйіндердің, тығыз ісіктің болуына;
- Сүт бездерінің көлеміндегі өзгерістерге;
- Ісіну аймағының пайда болуы немесе етеккір циклінен кейін қалатын сүт безінің ерекше тығыздалуына;
- Сүт безінің терісіндегі өзгерістерге;
- Сүт безінің етеккір циклімен байланысы жоқ ауырсынуға;
- Емшек үрпісінің ішке тартылуына;
- Емшек үрпісінен бөлінген сұйықтыққа, әсіресе қанды сұйықтыққа ерекше назар аударған жөн.
Кез келген өзгерістер туралы учаскелік терапевтке, гинеколог дәрігерге немесе мейірбикеге хабарласып, маммолог дәрігерге шұғыл қаралу керек.
2008 жылдан бері Қазақстанда скрининг бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Олардың арасында қатерлі емес аурулар мен сүт безі ісігіне тексеру де бар. Мақсатты топтарға 40 жастан 70 жасқа дейінгі «йелдер кіреді.
Скрининг әдісі – маммографиялық зерттеу. Әрбір сүт безіне екі кескіндегі маммография жүргізіледі. Әр маммограмма 2 тексеруден, яғни, екі дәрігердің зерттеуінен өтеді. Екінші тексеруді онкодиспансердегі дәрігер жүргізеді. Күдік туындаған жағдайда пациент толық тексеруден өтуге жолданады.
Қазіргі кезде №19 қалалық емханада тіркелген әйелдер үшін сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған скринингтен өту мүмкіндігі жасалған.
Толық ақпарат алу үшін 10 кабинет (1 қабат), тел: 2433500 хабарласу қажет.

