Тегін кепілдендірілген медициналық көмек
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
“Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 қаулысы»
Жүктеу
“Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Жүктеу
“Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы..»
Жүктеу
2015 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі
Жүктеу
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы
“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН::
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А. Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және Мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Е. А. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. С. Мусинов