” Туберкулезді тоқтату Ұлттық серіктестігі дегеніміз не?”
Дәрігер-фтизиатр учаскелік қызмет меңгерушісімен бірлесіп учаскелік дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне ” Туберкулезді тоқтату Ұлттық серіктестігі дегеніміз не?” тақырыбында туберкулезді тоқтатудың негізгі міндеттері мен мақсаттарымен таныстырды.
2017 жылы серіктестік құру туралы “Қазақстанда туберкулезді тоқтатайық” серіктестігінің құрылу тарихы туралы әңгімеледі.
Туберкулез стратегиясының нысаналы көрсеткіштерімен, мүдделі ұйымдар мен жеке тұлғалардың күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстанда туберкулез ауыртпалығын төмендету туралы, 2023-2025 жылдарға арналған ҚР-да фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтін дамыту туралы таныстырды.