Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні
Туберкулезге қарсы күрес айлығы 24.02.2023 — 24.03.2023ж аралығында өтіп жатыр. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай емханамыздың дәрігері Ускембай Сәния Қайратқызы 07.03.2023ж №57 мектепте «Туберкулез» тақырыбында семинар өткізді.
Мектеп оқушыларына туберкулез ауруы , негізгі белгілері, берілу жолдары және де туберкулездің алдын алу шаралары туралы айтылды.
Туберкулез — бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез — бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының — сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Симптомдарға жөтел, салмақ жоғалту және әлсіздік жатады. Ерте диагностикалау және уақтылы емдеу туберкулезбен күресудің шешуші сәті болып табылады.


