Әкімшіліктің азаматтарды қабылдау кестесі
|
Алматы қаласы ҚОҒАМДЫҚ денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жҮргізу құқығындағы «№ 19 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Городская поликлиника № 19» УПРАВЛЕНИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО ЗдРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ |
|
|
БҰЙРЫҚ 05.01.2026г. |
ПРИКАЗ № 01.1-03-_____ |
«Директордың және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі туралы»
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, сондай-ақ емхана қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы қарау және басшылықтың халықпен кері байланысын жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі:
- 1.1. Емхана директорының және директор орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- 1.2.Азаматтарды жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес, емхананың әкімшілік ғимаратында, өз кабинеттерінде жүргізілсін.
- 1.3.Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу арқылы 1-қосымшасына сәйкес және қажет болған жағдайда күнделікті 9.00-ден 13.00-ге-14.00-ден 17.00-ге дейін тікелей жүгіну тәртібімен жүзеге асырылсын.
- 1.4.Азаматтарды қабылдау барысында олардың өтініштері, шағымдары, ұсыныстары және көтерген мәселелері мұқият тыңдалып, құзыреті шегінде тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілсін.
- 1.5.Қабылдау барысында бірден шешім қабылдау мүмкін болмаған мәселелер бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленсін.
2. Жауапты тұлғалар:
- 2.1. Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазуды, қабылдау кестесін үйлестіруді және азаматтарды қабылдау туралы хабардар етуді іс жүргізушіге (хатшыға) жүктелсін.
- 2.2. Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау тиісті бағыттар бойынша директордың орынбасарларына жүктелсін.
- 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Директор А.Айтказина 2026 жылғы 05 қаңтардағы № 01.1-03-77 — бұйрығына 1-қосымша
|
№ |
Лауазымы |
Қабылдау күні |
Уақыты |
|
1 |
Емхана директоры |
Әр аптаның дүйсенбі сәрсенбі жұма |
09:00–12:00 14:30–16:00 09:00–12:00 |
|
2 |
Медициналық қызмет жөніндегі директордың орынбасары |
Әр аптаның дүйсенбі сейсенбі бейсенбі |
09:00–12:00 15:00–17:00 09:00–11:00 |
|
3 |
Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары |
Әр аптаның дүйсенбі бейсенбі жұма |
09:00–12:00 15:00–17:00 09:00–11:00 |
Қабылдауға алдын ала жазылу телефоны: 8 (727) 243-33-70
