Әкімшіліктің азаматтарды қабылдау кестесі

Алматы қаласы ҚОҒАМДЫҚ денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жҮргізу құқығындағы

«№ 19 қалалық емхана»

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения

«Городская поликлиника № 19»

УПРАВЛЕНИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО ЗдРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

БҰЙРЫҚ

05.01.2026г.

ПРИКАЗ

№ 01.1-03-_____

«Директордың және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі туралы»

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, сондай-ақ емхана қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы қарау және басшылықтың халықпен кері байланысын жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі:

  • 1.1. Емхана директорының және директор орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  • 1.2.Азаматтарды жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес, емхананың әкімшілік ғимаратында, өз кабинеттерінде жүргізілсін.
  • 1.3.Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу арқылы 1-қосымшасына сәйкес және қажет болған жағдайда күнделікті 9.00-ден 13.00-ге-14.00-ден 17.00-ге дейін тікелей жүгіну тәртібімен жүзеге асырылсын.
  • 1.4.Азаматтарды қабылдау барысында олардың өтініштері, шағымдары, ұсыныстары және көтерген мәселелері мұқият тыңдалып, құзыреті шегінде тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілсін.
  • 1.5.Қабылдау барысында бірден шешім қабылдау мүмкін болмаған мәселелер бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленсін.

2. Жауапты тұлғалар:

  • 2.1. Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазуды, қабылдау кестесін үйлестіруді және азаматтарды қабылдау туралы хабардар етуді іс жүргізушіге (хатшыға) жүктелсін.
  • 2.2. Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау тиісті бағыттар бойынша директордың орынбасарларына жүктелсін.
  • 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  • 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Директор А.Айтказина 2026 жылғы 05 қаңтардағы № 01.1-03-77 — бұйрығына 1-қосымша

№

Лауазымы

Қабылдау күні

Уақыты

1

Емхана директоры

Әр аптаның

дүйсенбі

сәрсенбі

жұма

09:00–12:00

14:30–16:00

09:00–12:00

2

Медициналық қызмет жөніндегі директордың орынбасары

Әр аптаның

дүйсенбі

сейсенбі

бейсенбі

09:00–12:00

15:00–17:00

09:00–11:00

3

Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары

Әр аптаның

дүйсенбі

бейсенбі

жұма

09:00–12:00

15:00–17:00

09:00–11:00

Қабылдауға алдын ала жазылу телефоны: 8 (727) 243-33-70

Балаларды тіркеу:
Байланыс орталығы: