!!!!!!! INDEX PHP bool(true)

2026 ЖЫЛҒЫ ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ

Новые правила прикрепления к поликлинике в 2026 году.

Құрметті пациенттер!

Қазақстанда азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін ұйымдарға тіркеу тәртібі жаңартылды.

Өзгерістер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № ДСМ-194/2020 бұйрығына 2026 жылғы 27 тамыздағы №95 бұйрықпен енгізілді.

Емханаға тіркелу қалай жүзеге асырылады?

Емханаға тіркелу:

  • тұрақты немесе уақытша тіркелген мекенжай бойынша;
  • бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде емхананы еркін таңдау құқығын сақтай отырып;
  • аумақтық қолжетімділік пен халықты учаскелерге бөлу мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылады.

Маңызды: бір адам өзінің ЖСН-ы бойынша тек бір ғана МСАК ұйымына тіркеле алады.

Емхананы қаншалықты жиі ауыстыруға болады?

Өз қалауы бойынша емхананы күнтізбелік жылына бір реттен артық емес ауыстыруға болады.

Сонымен қатар кейбір жағдайларда бұл шектеуге қарамастан қайта тіркелуге рұқсат етіледі. Мысалы:

  • тұрғылықты жерінің өзгеруі;
  • емхананың қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы;
  • бұрынғы медициналық ұйымның медициналық қызмет көрсетуді тоқтатуы;
  • жаңа МСАК ұйымының ашылуы;
  • заңнамада көзделген басқа да жағдайлар.

Жаңа емханаға тіркелген кезде бұрынғы емханадағы тіркеу автоматты түрде тоқтатылады.

Балаларды тіркеудің ерекше тәртібі

0-ден 17 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуінің бар-жоғына қарамастан, нақты тұратын жері бойынша емханаға тіркеледі.

Егер бала бір емханаға, ал ата-анасы басқа емханаға тіркелген болса, баланың тіркелген жері басымдыққа ие болады.

Қажет болған жағдайда ата-ана баласы тіркелген МСАК ұйымына өзі де тіркеле алады.

Жүкті әйелдер мен босанған әйелдер

Жүкті әйелдер мен босанған әйелдерді емханаға тіркеу нақты тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

Қалай өтініш беруге болады?

Емханаға тіркелуге өтінішті:

1. eGov порталы арқылы

Онлайн түрде, емханаға бармай-ақ беруге болады.

2. Тікелей МСАК ұйымына

Заңнамада көзделген жағдайларда өтініш беруге болады.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі — 1 жұмыс күні.

Қызмет нәтижесі бойынша пациентке емханаға тіркелгені туралы хабарлама немесе уәжді бас тарту беріледі.

Нақты дәрігерді таңдауға бола ма?

Емханаға тіркелгеннен кейін пациент осы медициналық ұйымның ішінде МСАК дәрігерін таңдауға құқылы.

Дәрігерді таңдау кезінде белгіленген жүктеме мен учаскеге тіркелген халық саны ескеріледі.

Сонымен қатар тек белгілі бір дәрігерге қаралу ниеті емхананың белгіленген тәртіптен тыс тіркелуге негіз болып табылмайды.

Егер сіз өз емханаңызға бұрыннан тіркелген болсаңыз

Егер медициналық көмекті қазіргі тіркелген емханаңыздан әрі қарай алғыңыз келсе, қайта тіркелудің қажеті жоқ.

Есте сақтаңыз:

  • — Тіркелу — тегін;
  • — Қызмет көрсету мерзімі — 1 жұмыс күні;
  • — Бір ЖСН — бір МСАК ұйымы;
  • — Емхананы еркін таңдау бойынша ауыстыру — күнтізбелік жылына 1 реттен аспайды;
  • — 0–17 жастағы балалар — нақты тұратын жері бойынша тіркеледі;
  • — Жүкті және босанған әйелдер — нақты тұратын жері бойынша тіркеледі;
  • — Жаңа емханаға тіркелген кезде бұрынғы емханадағы тіркеу автоматты түрде тоқтатылады.

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, алғашқы медициналық-санитариялық көмек алу құқығыңызды уақытылы пайдаланыңыз!

Деніңіз сау болсын!

15 наурыз – ел тағдырын айқындаған тарихи күн

15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдум Қазақстанның дамуындағы маңызды кезеңдердің біріне айналды. Миллиондаған азамат өз таңдауын жасап, елдің болашақ бағытын айқындауға үлес қосты. Бұл күн халықтың бірлігі мен жауапкершілігінің жарқын көрінісі ретінде тарихта қалды.
(далее…)

Балаларды қорғау күніне

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай 19 қалалық емханада балаларға арналған көңілді әрі тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара аясында:

  • Сурет байқауы
  • Ойындар мен флешмоб
  • Барлық қатысушыларға сыйлықтар

Емхана қызметкерлері балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен мейірімділік сыйлады.

Балалар әрқашан бақытты, дені сау әрі қорғалған болсын!

#Қазақстанбалалары #Дәрігербалалардыңжанашыры #Балардықорғаукүні #Деньзащитыдетей

Ұлттық киім

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.

Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде ҚР да 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтеді. 

Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. 

Емханамызыдың қызметкерлері бұл бастамаға белсене атсалысып, жұмыс орнына ұлттық киімдермен келді.

Бізге Ата Бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық киімдерді қадірлейміз,мақтан тұтамыз.

» Туберкулезді тоқтату Ұлттық серіктестігі дегеніміз не?»

Дәрігер-фтизиатр учаскелік қызмет меңгерушісімен бірлесіп учаскелік дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне » Туберкулезді тоқтату Ұлттық серіктестігі дегеніміз не?» тақырыбында туберкулезді тоқтатудың негізгі міндеттері мен мақсаттарымен таныстырды.

2017 жылы серіктестік құру туралы «Қазақстанда туберкулезді тоқтатайық» серіктестігінің құрылу тарихы туралы әңгімеледі.

Туберкулез стратегиясының нысаналы көрсеткіштерімен, мүдделі ұйымдар мен жеке тұлғалардың күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстанда туберкулез ауыртпалығын төмендету туралы, 2023-2025 жылдарға арналған ҚР-да фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтін дамыту туралы таныстырды.

“Ерте жүктіліктің алдын-алу”, “Тұмау, қызылша — белгілері”, “АИТВ, ЖИТС-тің алдын алу шаралары”

Алматы қаласының №67 және №167 мектептерде гинеколог дәрігер Жуманиязова М.А., СӨСҚ дәрігері Жумадуллаева А.Н. және интернатура студенттері “Ерте жүктіліктің алдын-алу”, “Тұмау, қызылша — белгілері”, “АИТВ, ЖИТС-тің алдын алу шаралары” тақырыптарында дәріс-семинар оқыды.

Оқушыларға ақпараттық материалдар таратылды. Дәріс соңында оқушылар мазалап жүрген сұрақтарын қойып, дәрігерлерден жауап алды.

Қайырлы күн, құрметті әріптестер

20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні, 1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен жарияланған.
Осыған орай емханада мерекелік шара ұйымдастырылды.

Балалар бөлімінің қызметкерлері емханаға келген жас келушілер арасында сурет байқауын ұйымдастырып, соңында сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ ата-аналармен қызылша сияқты бүгінгі күні өзекті тақырыпта тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізілді.

Балалар біздің болашағымыз, сондықтан балаларымыздың денсаулығын қадағалау

Салтанатты жиналыс

25 қазан Республика күніне орай 19қалалық емханада 24.10.23ж салтанатты жиын өтті. Жиын еліміздің әнұранымен бастау алды. Әрі қарай құттықтау сөздер айтылып, марапаттар табысталды.

Мекеме атынан мақтау қағаздарымен, сондай ақ денсаулық сақтау ісінің үздігі орденімен және еңбек ардагері медалімен наградталған әріптестерімізді құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, табысты болсын!

Әрқашан жерімізде , елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!

21.10.2023ж жалпықалалық сенбілік өткізілді.

19 қалалық емхананың қызметкерлері белсенді түрде сенбілікке қатысты.

Жалпықалалық сенбіліктердің басты мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қоғамның назарын аудару.

Мектепке жол

Жаңа оқу жылы қарсаңында № 19 қалалық емханасында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде кәсіподақ мушелерінің қолдауымен, қызметкерлердің алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балаларын құттықтап, мектепке қажетті құрал жабдықтар мен кеңсе тауарларын алуға ақшалай сыйлық табысталды.

Құрметті бірінші сынып оқушылары, Білім күні сіздер үшін жарқын және қуанышты мерекеге айналсын. Сізге қуанышты және көңілді мектеп өмірі, жақсы бағалар, білімге және жаңа жаңалықтарға ұмтылу тілейміз. Алғашқы оқу жылың табысты, жарқын және қызықты болсын.

Балаларды тіркеу:
Байланыс орталығы: