Балаларды қорғау күніне
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай 19 қалалық емханада балаларға арналған көңілді әрі тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара аясында:
- Сурет байқауы
- Ойындар мен флешмоб
- Барлық қатысушыларға сыйлықтар
Емхана қызметкерлері балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен мейірімділік сыйлады.
Балалар әрқашан бақытты, дені сау әрі қорғалған болсын!
#Қазақстанбалалары #Дәрігербалалардыңжанашыры #Балардықорғаукүні #Деньзащитыдетей
Ұлттық киім
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде ҚР да 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтеді.
Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.
Емханамызыдың қызметкерлері бұл бастамаға белсене атсалысып, жұмыс орнына ұлттық киімдермен келді.
Бізге Ата Бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық киімдерді қадірлейміз,мақтан тұтамыз.
» Туберкулезді тоқтату Ұлттық серіктестігі дегеніміз не?»
Дәрігер-фтизиатр учаскелік қызмет меңгерушісімен бірлесіп учаскелік дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне » Туберкулезді тоқтату Ұлттық серіктестігі дегеніміз не?» тақырыбында туберкулезді тоқтатудың негізгі міндеттері мен мақсаттарымен таныстырды.
2017 жылы серіктестік құру туралы «Қазақстанда туберкулезді тоқтатайық» серіктестігінің құрылу тарихы туралы әңгімеледі.
Туберкулез стратегиясының нысаналы көрсеткіштерімен, мүдделі ұйымдар мен жеке тұлғалардың күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстанда туберкулез ауыртпалығын төмендету туралы, 2023-2025 жылдарға арналған ҚР-да фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтін дамыту туралы таныстырды.
“Ерте жүктіліктің алдын-алу”, “Тұмау, қызылша — белгілері”, “АИТВ, ЖИТС-тің алдын алу шаралары”
Алматы қаласының №67 және №167 мектептерде гинеколог дәрігер Жуманиязова М.А., СӨСҚ дәрігері Жумадуллаева А.Н. және интернатура студенттері “Ерте жүктіліктің алдын-алу”, “Тұмау, қызылша — белгілері”, “АИТВ, ЖИТС-тің алдын алу шаралары” тақырыптарында дәріс-семинар оқыды.
Оқушыларға ақпараттық материалдар таратылды. Дәріс соңында оқушылар мазалап жүрген сұрақтарын қойып, дәрігерлерден жауап алды.









